logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Үйірмелер жәрмеңкесі

17 қыркүйек 2025 08:32

Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушылары үшін үйірмелер жәрмеңкесі өткізілді. Жаңа оқу жылынан бастап қатарға енді қосылған 7 сынып оқушылары, негізгі сабақтан кейін таңдау еркіне байланысты шығармашылық пен спортқа бағытталған қосымша білім беру педагогтерінің сабақтарына қатыса алады.

Үйірмелер жәрмеңкесінде мектептегі драма және көлеңке театры, би өнері, вокал және хор, журналистика және медиа, домбыра, бейнелеу өнері, спорттық секциялар мен жобалық жұмыс клубтарының жұмысы оқушылар назарына ұсынылды.

Жәрмеңкеде әр үйірме жетекшісі өзінің жұмысы туралы таныстырып, оқушыларды үйірмеге шақырды. Әр бағыт бойынша таныстырылым соңынан жетекшілер сол сәттен бастап үйірмеге қызығушылық білдірген балаларды жазып алды.