Жаңалықтар
Денсаулық күні додаға ұласты
23 қыркүйек 2025 09:36
Денсаулық күніне орай Атыраудағы NIS оқушылары мен ұстаздары ерекше белсенділік танытты. Үлкен үзілістерде оқушылар арасында түрлі активити ойындар ұйымдастырылып, дене тәрбиесі пәні мұғалімдері белсене қатысқан оқушыларға тәтті сыйлықтар үлестірді.
Ал түскі уақытта мектеп ұжымы алдымен флешмоб билеп, 800 метр қашықтыққа жүгіруден өз дағдыларын сынады. Бұдан кейін 6 командаға бөлініп, эстафеталық ойындарға қатысты. Жарыс бағдарламасына эстафеталық таяқша тапсыру, гимнастикалық шеңберді айналдырып жарысу, доппен ойнау, секіртпемен секіру сияқты қызықты кезеңдер енді.
Мектеп ұжымы топтық ойындарда ұйымшылдық танытып, бір-бірін қолдап, командалық рух пен ауызбіршіліктің үлгісін көрсетті.