logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Атыраудағы NIS-те – City University of Hong Kong өкілдері

25 қыркүйек 2025 16:12

Мектепке аталған университет өкілі Эмили мен NIS мектебінің, сондай-ақ, осы жоғары оқу орны түлегі Айдана Смат арнайы қонақ боп келді.

Олар 11–12-сынып оқушыларымен кездесіп, білім ордасының білім беру бағдарламалары, шетелде оқу мүмкіндіктері мен академиялық артықшылықтары туралы жан-жақты ақпарат берді. Сондай-ақ, өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқушыларды толғандырған сауалдарға жауап берді.

Бұл кездесу жас түлектерге әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орны туралы тереңірек білуге, болашақ мамандық пен білім жолын таңдауда маңызды шешім қабылдауға бағыт-бағдар бергені сөзсіз.