Жаңалықтар
«Берік отбасы» жобасы басталды
26 қыркүйек 2025 17:19
Атырау қаласындағы NIS- те дәстүрлі «Берік отбасы» жобасы басталды. Биыл жобаға алғашқылардың бірі болып 7 «F» сыныбының оқушылары мен олардың ата-аналары қатысты.
Бұл отбасылар енді алдағы 7 апта бойы бір-бірін жақынырақ танып, өзара сенімді нығайтуға және жылы қарым-қатынас орнатуға бағытталған тренингтер мен тәжірибелік тапсырмаларға қатысады.
«Берік отбасы» – Назарбаев Зияткерлік мектептері желісінің негізгі жобаларының бірі. Басты мақсаты – ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты дамыту, жасөспірімдердің үйлесімді дамуына ықпал ететін қолдаушы орта қалыптастыру.
Мұндай кездесулер оқушылардың жаңа ортаға тез бейімделуіне, өздерін сенімді сезінуіне, қолдауды тек отбасынан ғана емес, сонымен бірге мектеп қауымдастығынан да алуға дағдылануға көмектеседі.