logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Берік отбасы» жобасы жалғасуда

30 қыркүйек 2025 17:30

Атыраудағы NIS-те «Берік отбасы» жобасы 7 «G» орыс сыныбының оқушылары мен ата-аналары үшін де бастауын алды.

Жобаның негізгі мақсаты – 7-сынып оқушыларының жаңа ортаға тез бейімделуіне қолдау көрсету. Сонымен қатар, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, оларды махаббат пен шектеудің үйлесімін табуға, мақсатқа жету жолында табанды еңбек етуге бағыттау көзделеді.

Жоба аясында арнайы 7 сабақ өткізу жоспарланып отыр. Әр сабақта оқушылар да, ата-аналар да бірге қатысып, отбасы құндылықтарын дәріптеу мен тұлғалық дамуға арналған түрлі іс-шараларға тартылады.