logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Ата – әулеттің тірегі, Әже – ұрпақтың жүрегі»

02 қазан 2025 11:12

Халқымыз баланың тәлім-тәрбиесін ананың ақ сүтімен, әженің өнегесімен, атаның ақылымен ұштастырып, ұрпақ бойына рухани құндылықтарды сіңіріп келеді. Осы дәстүрді жалғастыру мақсатында Атыраудағы NIS жанындағы жатақханада «Ата – әулеттің тірегі, Әже – ұрпақтың жүрегі» тақырыбында өнеге сағаты ұйымдастырылды.

Шараға қадірлі қонақтар ретінде:

• Арсен Аугановтың әжесі – Сәулеш Джумабекова:

• Дархан Ахметов әжесі – Злиха Отарбаева;

• Агахан Бихановтың нағашы әжесі – Муслима Шакирова;

• Мерей Мұқановьың әжесі – Салтанат Мулекова;

• Асланбек Қадырдың әжесі – Гүлшара Шалқарова;

• Ерасыл Зайдоллаевьың нағашы атасы – Абдрахим Аязов қатысты.

Алдымен оқушылар презентация арқылы ата-әжелерін көпшілікке таныстырды. «Аталар сөзі – тәрбие көзі» бөлімінде қонақтар ұлттық құндылықтарды сақтаудың маңызына тоқталып, «Адал азамат» тақырыбында тағылымды ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, дәстүрлі «Жасырынған заман» ойыны ойналып, оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Олар «Ерке сылқым» күйін орындап, халықтық термелерді мәнерлі жеткізді.

Жиын соңында ата-әжелер немерелеріне сапалы білім мен саналы тәрбие беріп отырған мектеп ұжымына ризашылықтарын білдіріп, білім мен ізденістің өмірдегі басты қазына екенін атап өтті.