logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Қалдырған ізің мәңгілік

03 қазан 2025 17:14

Ұстаздар мейрамы әр жүректе ұмытылмас әсер қалдырып, жылы естелікке толы күн ретінде есте қалары сөзсіз. Мерекелік кеште оқушылар дайындаған әсерлі концерттік бағдарлама, түрлі викториналық ойындар, әсем би, күмбірлі күй, сырлы сырнай үні мен әуезді әндер ұстаздарға ерекше қуаныш сыйлады.

Төл мерекеде талай жылғы еңбегі сіңген ардагер ұстаздардың мектеп төрінен табылып, қонақ болғаны қуантады.

Ал, бүгінгі айтулы мерекеге орай марапат иеленген барша ұстаздарды шын жүректен құттықтаймыз!