Жаңалықтар
«Қош келдің, жас зияткер!»
10 қазан 2025 14:54
Атыраудағы NIS 7-сынып оқушыларын зор ықыласпен қарсылады. Жаңа оқу жылында қабылданған жас өрендерге арналған салтанатты кеш өз деңгейінде өтті.
Мерекелік шараның мақсаты – жаңа зияткерлерді мектеп өміріне бейімдеу, білім мен ізгілік жолына шақыру. Кеш үш тілде жүргізіліп, оқушылар мен ата-аналарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Шара барысында мектеп директоры Ерәли Бижанов жылы лебізін білдіріп, жаңа оқушыларға табыс тіледі. Оқушылар академиялық адалдық пен білімге деген сүйіспеншілікті сақтауға ант берді.
Әр сынып өз өнерлерін ортаға салып, ән мен би, көрініс арқылы ерекше әсер қалдырды. Кеш барысында тәлімгерлер мен сынып жетекшілерінің қолдауы мен жылы тілектері де айтылды.
Іс-шара соңында ұстаздар, ата-аналар және мектеп ұжымы жас зияткерлерге алдағы оқу жылында сәттілік, жігер мен биік жетістіктер тіледі.