Жаңалықтар
Жасанды интеллект бағытындағы білімін жетілдірді
14 қазан 2025 12:32
Атырау қаласындағы NIS оқушысы Амир Бериков жуырда Гарвард университетінің профессорлары жетекшілік еткен "Veritas AI" бағдарламасын сәтті аяқтады.
Бағдарлама барысында Амир жасанды интеллект саласындағы терең теориялық және практикалық білімін жетілдіріп, нақты деректерге негізделген жеке зерттеу жобасын жүзеге асырды. Ол деректерді талдау мен бағдарламалау дағдыларын дамытып, заманауи технологиялар әлемінде өз әлеуетін айқын көрсетті.
Veritas AI – әлемнің үздік жоғары оқу орындарының профессорлары мен тәжірибелі менторлары басқаратын білім беру жобасы. Бұл бағдарламаға қатысуы Амирдің ғылыми қызығушылығы мен табандылығының нәтижесі екені даусыз.
Мектеп ұжымы Амирді айрықша жетістігімен құттықтай отырып, оның болашақтағы кәсіби жолында жаңа табыстарға жететініне зор сенім білдіреді.