logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Be Global: білім көрмесі өтті

18 қазан 2025 08:45

Атыраудағы NIS-те «Be Global: Шетелде білім алу – 2025» атты халықаралық білім көрмесі өтті. Іс-шараға жоғары сыныптың 200-ге жуық оқушысы мен олардың ата-аналары қатысты.

Көрмеге АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция және басқа да елдерден келген 12 шетелдік университеттің өкілдері қатысты. Олар оқу бағдарламалары, қабылдау шарттары мен стипендиялық мүмкіндіктер жайында ақпарат берді.

Көрмеге қатысқан беделді университеттер қатарында:

Rutgers University (АҚШ)

University of Illinois Chicago (АҚШ)

University at Buffalo (АҚШ)

The University of East Anglia (Ұлыбритания)

Robert Gordon University (Ұлыбритания)

және тағы басқа шетелдік жоғары оқу орындары бар.

Оқушылар мен ата-аналар университет өкілдерімен еркін пікірлесіп, шетелде білім алуға қатысты пайдалы ақпарат алды. Бұл кездесудің басты мақсаты – зияткерлердің жаһандық деңгейде білім алу көкжиегін кеңейту.