logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Малайзия университеттерімен танысу

21 қазан 2025 08:57

NIS өкілдері Қазақстандық делегация құрамында болып, Малайзияның Селангор штаты, Семенйих (Semenyih) қаласы маңындағы жасыл белдеуде орналасқан University of Nottingham Malaysia-ға кампус-тур жасады.

Ұлыбританиядағы сан ғасырлық тарихқа ие әйгілі Nottingham университетінің Малайзиядағы кампусы 2000 жылы ашылған.

48 гектар аумақта орналасқан кампус жасыл-жайлы ортада, студенттер үшін ыңғайлы орта ретінде салынған. Мұндағы барлық сабақ ағылшын тілінде өткізіледі.

Бүгінде 5000-ға жуық студентке жоғары білім беретін университетте заманауи оқыту-зерттеу орталықтары, 4 қабатты кітапхана, спорт кешені (80-ге жуық спорт клубы бар), студенттік ассоциация кешені, жайлы жатақхана бар.

Әртүрлі мәдениеттер тоғысатын аймақтан орын тепкен университет студенттерге әсіресе саяхат және тәжірибе үшін қолайлы.

Оқу сапасы Ұлыбританиядағы басты кампустың талаптарына сай. Ұлыбританияда негізделген университеттің филиалы болғандықтан, халықаралық деңгейде мойындалған диплом алуға мүмкіндік бар.