Жаңалықтар
«Қазақстан – алтын бесігім»
25 қазан 2025 14:15
25 қазан – Республика күні
Осыған орай «Батыс» шаңырағында ерекше рухани мәні бар «Қазақстан – алтын бесігім» атты өнер пәнімен кіріктірілген тағылымды шаңырақ сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру және өнер арқылы Отанға деген мақтаныш сезімін ояту.
Оқушылар туған жер, ел тақырыбында сурет салып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Мастер-класс барысында туған жерді бейнелеу арқылы ұлттық рух пен елжандылық сезімдері нығая түсті. Бұл шара жас ұрпақтың жүрегінде туған жерге деген мақтаныш пен сүйіспеншілікті арттырғаны сөзсіз.