logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Олимпиадаға қадам

28 қазан 2025 12:32

NIS мектептеріндегі “Шаңырақ” ұғымына сай жоғары сынып оқушылары мен кіші сынып оқушылары арасында тығыз байланыс пен менторлық бағытты дамыту аясында “Алтын адам” шаңырағының 12 “Е” сынып оқушысы, халықаралық Жәутіков олимпиадасының 2-орын иегері, халықаралық IОАА 2025 олимпиадасының ІІІ орын иегері Шеруен Батырхан шаңырақтағы 7 “D” және 7 “F” сыныптары оқушыларына “Олимпиадаға қадам” атты қызықты сабақ өткізді.

Мұнда ол олимпиадаға қатысудың алғашқы қадамдары, олимпиада түрлері, қосымша дайындық материалдары, сонымен қатар олимпиадаға қатысудың пайдалы жақтарын туралы толық түсінік беріп, өз тәжірибесімен бөлісті.