Жаңалықтар
Облыстық шахмат чемпионатында жүлдегер болды
01 қараша 2025 14:12
6-18 жас аралығындағы балалар арасында өткен Атырау облысының классикалық шахмат чемпионатында Атырау қаласындағы NIS оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінді.
Жарыс нәтижесінде:
♟ Әдина Ермекова – 18 жасқа дейінгі қыздар арасында III орын;
♟ Айсәуле Ермекова – 14 жасқа дейінгі қыздар арасында II орын;
♟ Ибраһим Карим – 16 жасқа дейінгі ұлдар арасында II орын;
♟ Темірлан Жанұзақов – 18 жасқа дейінгі ұлдар арасында II орын иеленді.
Бұл жетістіктер – оқушылардың табандылығы мен еңбегінің, сондай-ақ олардың ұстазы Самат Утегеновтің үздіксіз еңбегінің жемісі.
Зияткерлерімізге алдағы сайыстарда да сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!