logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Оқушылар «Еділ мен Жайық» қойлымын тамашалады

03 қараша 2025 14:12

Атыраудағы NIS-тың “Алатау” шаңырағы мәдени демалыс ұйымдастырды. Мектебіміздің 9F және 9J сынып оқушылары Атырау жастар театрының «Еділ мен Жайық» қойлымын тамашалады.

Белгілі қаламгер, журналист, бейнелеу өнерінің һас шебері Илья Жақановтың өмірі мен еңбек жолына негізделген сахналық қойылым балаларға рухани серпіліс берді. NIS оқушылары мен ата-аналары қойылымнан кейін театр әртістерімен кездесіп, мұндағы басшылар мен қызметкерлерден сұхбат алды.

“Алатау” шаңырағының оқушылары театр және сөз өнері, ұжымның халықаралық деңгейдегі жетістіктері туралы тың деректерге қанық болды.