Жаңалықтар
NIS зияткерлері – Atyrau Youth Hackathon жеңімпаздары
05 қараша 2025 11:15
Жуырда Атырау қаласында 14-35 жас аралығындағы жастарға арналған Atyrau Youth Hackathon 3.0 инновациялық жобалар конкурсы өткен болатын.
«Денсаулық сақтау» бағытында өткен хакатонның басты мақсаты — қоғамның денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелеріне заманауи IT және инновациялық шешімдер ұсыну. Оны Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Ақсұңқар» Қоғамдық қоры ұйымдастырды.
Хакатонға біздің мектептен екі команда: «Qorgau» және «Programmers from Silicon Valley» командалары қатысқан болатын.
Нәтижесінде, Нұрлан Аяулым, Хасан Амир, Сәдібек Нұрмұхамбет, Исказиева Агистан тұратын «Programmers from Silicon Valley» командасы «Digital Pharmacy» секциясында жеңімпаз атанып, 1-орын иеленді.
Олар екі күннің ішінде Қазақстан аумағында рұқсат етілген дәрі-дәрмектердің айналымы мен тасымалын бақылауға көмектесетін, фармацевтика саласындағы шағын бизнесті дамытуға және мемлекет үшін бақылау жүйесін оңтайландыруға бағытталған гибридті қосымша жасап шығарды.