Жаңалықтар
Бірге кітап оқуды бастады
07 қараша 2025 12:32
Биыл 7 «G» сыныбының оқушылары ата-аналарымен бірге кітап оқуды қолға алған болатын. Ол үшін арнайы 9 кітап таңдалды. Соның бірінші кітабы Брэдбери Рэй Дугластың «Бақбақ шарабы» атты кітабын талқылаудың сәті бүгін түсті.
Басты мақсат – оқушылардың кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру. Шара барысында олар топқа бөлінді. Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды бойынша берілген сұрақтар негізінде постер қорғады.
Hakoot ойыны арқылы кітаптың мазмұнынан бірқатар сұрақтар қойылды. Мәселен:
– Рэй Брэдбери шығарманың басында адам мен табиғаттың арасындағы үйлесімді қалай көрсетеді және бұл байланыс неліктен маңызды деп ойлайсың?
– «Бақбақ шарабы» атауы неліктен балалық шақ пен өмірдің өткіншілігін бейнелейтін символ ретінде алынған?
– Автордың өз балалық шағы мен туған жерінің естеліктері шығарманың мазмұны мен атмосферасына қалай әсер етеді? - деген сарындағы сауалдарға оқушылар мүдірмей белсенді жауап берді.
Ата-аналар да қызықты ойталқы жасауға сүбелі үлес қосты.
Келесі межеде – Антуан де Сент-Экзюперидің «Маленький принц» кітабы тұр. Оқушылар іле-шала осы шығарманың терең мазмұнына бойламақ.