logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Берік отбасы» бағдарламасы қорытындыланды

08 қараша 2025 14:12

Ұлыбританиядағы Oxford Brookes School Денсаулық және әлеуметтік салауаттылық мектебі әзірлеген «Берік отбасы» бағдарламасы Атыраудағы NIS-те жуырда 4 топқа жүргізіліп, өз мәресіне жетті.

Оған 7-сынып оқушылары мен олардың ата-аналары қатысып, 35 отбасы бағдарламаны толық тәмамдады.

Бағдарлама жеті бөлімнен тұрады. Негізгі мақсаты – жасөспірімдер мен ата-аналар арасындағы өзара түсіністік пен қолайлы қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ, мінез-құлықтағы ауытқуларға алып келуі мүмкін отбасылық қауіп факторларын төмендету.