logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS оқушылары Alumni амбассадорымен кездесті

10 қараша 2025 18:12

Атыраудағы NIS-тің 8-12 сынып оқушылары мектептің Alumni амбассадоры — Абай Лоран Альмухамедовпен жүздесті.

Абай біздің мектептің, сондай-ақ, University of Toronto түлегі. Пайдалы жүздесу барысында оқушылар түрлі сұрақтар қойып, қонақ кейіпкер өз шетелде оқу тәжірибесімен, студенттік өмірімен және NIS Alumni қауымдастығы туралы ақпаратпен бөлісті.

Жоғары сынып оқушылары белсенді қатысып, пайдалы кеңестер алды. Кездесу көптеген оқушыларға үлкен мотивация сыйлап, болашақ жоспарларына жаңа серпін берді.