logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS зерттеу тобы University of Cambridge профессорларынан сертификат иеленді

11 қараша 2025 09:01

Атыраудағы NIS-тің зерттеу тобы NIS/SHARE жобасы аясында мектептегі оқыту мен оқудың өзекті мәселелерін зерттеуге арналған жұмыстың алғашқы кезеңін сәтті аяқтады. Бір жылға созылған бұл зерттеу сарапшылар тарапынан жоғары бағаланып, мұғалімдер Ұлыбританияның Кембридж университеті профессорларынан Action Research тренерлері сертификаттарын алды.

Мектебіміз осындай жетістіктерімен мақтанады және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында зерттеу жұмыстарын әрі қарай жалғастыра бермек.