Жаңалықтар
«Қоғамға қызмет» әлеуметтік жобасы жалғасуда
11 қараша 2025 08:20
Атыраудағы NIS-тің «Оқжетпес» шаңырағы қосымша білім беру педагогтарымен бірлесіп «№29 Нұрсая» бөбекжай-бақшасының даярлық топтарының балаларына арнап «Би өнері – биік өнер» тақырыбында хореография сабағын өткізді.
Би өнері – балаларды тәрбиелеу мен дамытудың тамаша құралы. Балалардың эстетикалық қабілеттерін дамытып, дене қозғалыстарының үйлесімділігі мен икемділігін қалыптастыру мақсатында ең алдымен классикалық бидегі сәлемдесуден бастап, ритмикалық жаттығулар жасап, көңілді бимен аяқтады.
Былтырғы оқу жылында «Оқжетпес» шаңырақ оқушылары балабақша тәрбиеленушілеріне академиялық пәндерден дәрістер берсе, биыл қосымша білім беру пәндерінен шеберлік сағаттарын өткізеді.