logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Балалар үйінің ауласын абаттандырды

12 қараша 2025 08:08

Атырау қаласындағы мамандандырылған балалар үйінде енді жаңа гүлзарлар пайда болады. Бұл бастама КДМС қайырымдылық акциясы аясында жүзеге асырылды.

Гүл көшеттерін отырғызуға Атыраудағы NIS-тің “Махамбет” шаңырағының оқушылары белсене атсалысты. Іс-шараға қатысушылар бұл көмек балалар үйінің ауласын жайқалтып, тәрбиеленушілерді қуантуға зор ықпал ететінін атап өтті.

Балалар үйінің әдіскері Гүлжан Мажитова оқушылар мен КДМС ұжымына арнайы алғысын білдіріп, бұл игі бастаманың балалардың көңіл күйін көтеріп, оларға табиғатқа деген қамқорлық пен жауапкершілікті үйрететініне сенім білдірді.

Мектеп оқушылары “Қоғамға қызмет” жобасын үздіксіз қолдап, мұндай қайырымдылық іс-шараларына жиі қатысып жүр. Игі шаралар легі жалғаса бермек.