logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Ауыл мектебіне тәжірибе таратты

13 қараша 2025 18:01

Атыраудағы NIS өкілдері ауылдық тірек мектептерді дамыту жобасы аясында Исатай ауданына іссапармен барып, жалпы білім беретін Аққыстау орта мектебінде тәжірибе таратты.

Шара барысында NIS мұғалімдері мектеп әкімшілігімен кездесіп, сабақтарға қатысып, әріптестеріне кері байланыс берді. Түстен кейін пән мұғалімдері түрлі бағыттар бойынша семинарлар өткізіп, тиімді оқыту мен бағалау тәсілдерін талқылады.

Семинар тақырыптары аясында:

• Қиын биологиялық тақырыптарды оңай тәсілмен түсіндіру;

• Сабақты бақылау және кері байланыс беру әдістері;

• Бағалау тәсілдері мен практикалық жұмыстарды ұйымдастыру;

• Іс-әрекеттегі зерттеу (Action Research);

• Конструктивті кері байланыстың маңызы;

• Тарих және математика сабақтарындағы функционалдық сауаттылықты дамыту жолдары

сияқты өзекті мәселелер қамтылды.

Сондай-ақ, педагог-кураторлар NIS оқушыларының біртұтас даму тұжырымдамасын таныстырып, оны тәрбие жұмысында тиімді іске асырудың жолдарын көрсетті.

Бұл іссапар ұстаздар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, тәжірибе алмасуға және білім беру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.