Жаңалықтар
«Берік отбасы» бағдарламасын аяқтады
14 қараша 2025 09:26
Алты апта бойы «7F» сыныбының ата-аналары мен оқушылары «Берік отбасы» бағдарламасы аясында отбасы қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған сабақтарға қатысып келді.
Бағдарлама барысында отбасылар өзара түсіністікке, қолдауға және ашық қарым-қатынас орнатуға үйренді.
Соған сәйкес, сабақтардың қорытындысы бойынша ата-аналар мен оқушыларға мектеп директоры салтанатты түрде сертификаттар табыстады.
Бұл бағдарлама отбасындағы жылы атмосфера мен өзара сенімнің қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.