logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

І тоқсан үздіктері марапатталды

17 қараша 2025 14:15

Атыраудағы NIS-те 2025-2026 оқу жылының І тоқсаны қорытындысы бойынша түрлі бағытта жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар сахна төрінде марапатталды.

Биыл «Үздікке үміткер оқушы» аталымын 43, ал «Үздік оқушы» атағын 120 оқушы иеленді.

Оқу жетістіктерімен қатар, зияткерлер бірқатар республикалық және желілік деңгейдегі байқауларда өз білімін, өнерін және спорттық шеберлігін таныта білді.

Атап айтқанда:

- «Дарын» ғылыми жобалар конкурсының желілік кезеңінде үздік нәтиже көрсеткен оқушылар;

- Жастарға арналған «Atyrau Youth Hackathon» инновациялық жобалар байқауының жүлдегерлері;

- Қазақ хандығының 560 жылдығына арналған «Тарихи тағылым» желілік байқауы мен «Менің кіші Отаным» сайысында жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар;

- «Туған елге тағзым» ғылыми-зерттеу экспедициясы аясындағы «Селт еткізер, ерен ой» және «Туған жер – тұғырым» секцияларының жүлдегерлері;

- Республикалық «Абай дана, Абай дара қазақта» байқауының Бас жүлде иегері;

- «Голос Родного Края» байқауының жүлделі орын иелері;

- Халықаралық «International Chemistry Quiz» қатысушылары арнайы марапатталды.

Спорт саласы да назардан тыс қалмады. Желілік волейбол спартакиадасының жүлдегерлері, «Үздік үйлестіруші» мен «Үздік ойыншы» аталымдарының иегерлері, волейболдан өңірлік кезеңнің 1-орын иегері атанған қыздар командасы мен шахматтың облыстық кезеңінде жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар да мектеп мерейін үстем еткендері үшін марапат иеленді.

Атыраудағы NIS ұжымы оқушылардың үздіксіз ізденісін, еңбегін және жетістіктерін мақтан тұтады. Барша жеңімпаздарды құттықтаймыз!