logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Атыраудағы NIS-те жаңа Президентті ұлықтау рәсімі өтті

18 қараша 2025 12:32

Атырау қаласындағы NIS-те өзін-өзі басқару ұйымының жаңа Президентін ұлықтау — инаугурация рәсімі салтанатты түрде өтті. Биылғы оқу жылында мектеп Президенті боп 11-сынып оқушысы Дильназ Нагимова сайланып, ресми түрде өз қызметіне кірісті.

Мектеп директоры Ерали Қыдырбайұлы сөз сөйлеп, сайлау үдерісінің әділ әрі белсенді өткенін атап өтті. Ол жаңа Президентті құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, өткен оқу жылының оқушылар Парламенті өкілдері мен оның Президенті болған Жанұя Жарасты атқарған жемісті еңбектері үшін алғыс хатпен марапаттап, сол кезгі бастамалары мен мектеп өміріне қосқан үлестеріне алғыс білдірді.

Салтанатты шара барысында жаңа Президент Дильназ Нагимова өз бағдарламасындағы негізгі бағыттармен бөлісіп, мектеп қауымдастығымен ашық әрі серіктестікке негізделген жұмыс жүргізуге уәде берді. Оқушылар мен ұстаздар Дильназға сенім білдіріп, жаңа идеялар мен оң өзгерістер күтетіндерін жеткізді.

Инаугурация рәсімі — NIS дәстүріндегі маңызды шаралардың бірі. Бұл оқушылардың көшбасшылық қабілетін дамытуға, жауапкершілікті сезінуге және мектеп өміріне белсенді қатысуға зор мүмкіндік береді.