logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Жылулық сыйласаң жүрек жылынады

19 қараша 2025 09:09

Атыраудағы NIS-те «Алатау» шаңырағының бастамасымен «Қоғамға қызмет ету» жобасы аясында«Шаңырақ» балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесу өтті.

Шараның мақсаты — балаларға мейірім мен жылулық сыйлау, достық пен бірлікті арттыру, қоғам назарын қамқорлық пен адамгершілікке бағыттау.

Қонақтарды мектеп әкімшілігі, аталған шаңырақ оқушылары мен ата-аналары жылы қарсы алды. Балалар мектептің түрлі кабинеттері мен шығармашылық, спорт бөлімдерін аралады. Олар телестудия, спорт залдары, хореография, химия зертханасы, робототехника кабинеті, оранжерея, кітапхана және жатақхана жұмысымен танысты.

Шара соңында мектеп директоры Ерали Қыдырбайұлы болашақ зияткерлермен арнайы жүздесіп, ақыл-кеңесін беріп, естелік суретке түсіп, арнайы дайындалған сыйлықтар табыстады.

Одан әрі «Алатау» шаңырағы мен ата-аналар демалыс және ойын-сауық орталығына барып, балаларға тәттілер үлестірді. Күн соңында тәрбиеленушілер өз мекемесіне ерекше көңіл-күймен оралды.