logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Әуе кеңістігіне бір қадам: оқушылар Қазаэронавигация өкілдерімен кездесті

26 қараша 2025 14:15

Атыраудағы NIS-те Қазаэронавигация ұйымының өкілдерімен кездесу өтті. Әуе қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ұшқыштармен байланыс орнату және әуе кеңістігін басқару сияқты аса маңызды міндеттерді атқаратын мамандар оқушылармен жүздесіп, авиация саласының қыр-сырымен бөлісті.

Кездесу барысында оқушылар:

- авиадиспетчерлердің жұмыс жүйесі мен әуе кемелерін бағыттау процесі туралы;

- диспетчерлік мұнарадағы технологиялар мен бақылау жүйелері жөнінде;

- аэронавигация саласындағы мамандықтар және оған қабылдану мүмкіндіктері туралы;

- авиация тәжірибесінен нақты мысалдар мен оқиғалар туралы мол мағлұмат алды.

Іс-шара оқушылардың авиация саласына деген қызығушылығын арттырғаны сөзсіз.