logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Отбасындағы эмоционалдық интеллект: ата-аналар жасөспірімдерді қалай түсіне алады?»

27 қараша 2025 17:18

Атыраудағы NIS-те осындай атаумен ата-аналарға арналған мазмұнды семинар-тренинг сәтті өткізіліп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.

Тренингтің негізгі мақсаты — ата-аналарға жасөспірімдердің сезімдік әлемін тереңірек түсініп, эмоцияларды тану, қабылдау және дұрыс басқаруға үйрету болды.

Қатысушылар жасөспірімдерге қолдау көрсетудің тиімді әдістерімен, тіл табысудың заманауи тәсілдерімен және отбасы ішіндегі эмоционалдық байланысты нығайтудың жолдарымен танысты.

Семинар барысында ата-аналар тәжірибелік тапсырмалар орындап, пікірталасқа қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Жылы атмосферада өткен тренинг ата-аналарға баламен байланыс орнатудың жаңа қырларын ашуға мүмкіндік берді.

Шара соңында ата-аналар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді. Тренингтің пайдалы және мазмұнды екенін, көп жаңа ақпарат алғандарын, ең бастысы жасөспірімдерді бұрынғыдан да жақсы түсіне бастағандарын атап өтті. Алған білімдерін отбасылық өмірде қолдануға ниетті екендерін жеткізді.