Жаңалықтар
Тірек мектептерге тәжірибе тарату жалғасуда
30 қараша 2025 15:16
Атыраудағы NIS ұстаздары Махамбет ауданына қарасты Дүйсенғали Төленов атындағы жалпы білім беретін мектепке барып, әдістемелік тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізуде.
Алдымен пән мұғалімдері осы мектептің оқушыларына түрлі пәндер бойынша үлгі сабақтар өткізіп, заманауи әдіс-тәсілдер мен тиімді педагогикалық тәжірибелерін ұсынды. Сабақтан кейін ұстаздар жаңадан әкелінген арнайы оқу құрал-жабдықтарын сабақтарға енгізу, оларды тиімді пайдалану жолдары туралы кеңестер беріп, бірлескен талқылау жасады.
Шараның келесі кезеңі STEM зертханасында жалғасты. Мұнда жаратылыстану пәндеріне арналған құрал-жабдықтармен жұмыс істеу тәртібі таныстырылды. Сондай-ақ физика, химия және биология пәндеріндегі виртуалды зертханаларды жүргізуге мүмкіндік беретін VR көзілдірігін қолдану тәсілдері талқыланды.
Бұл сапар екі тарап үшін де пайдалы болып, білім сапасын арттыруға бағытталған нәтижелі ынтымақтастыққа ұласты.