Жаңалықтар
Өнер музейін тамашалады
01 желтоқсан 2025 09:08
Атыраудағы NIS-тің 9 «G» сыныбының өнер пәні бойынша сабағы облыстық Шаймардан Сариев атындағы өнер музейінде ұйымдастырылды.
Оқу бағдарламасындағы 2-бөлімнің тақырыбы – «Табиғи стихиялар». Осыған сәйкес оқушылар өнер туындыларындағы табиғи құбылыстардың бейнелену ерекшеліктерін, түрлі бағыттар мен стильдердегі орындалу тәсілдерін, сондай-ақ суретшілердің қандай жанрларды пайдаланғанын талдады.
Сабақ барысында оқушылар декоративті панноның орындалу жолдарымен танысып, шығармашылық жұмыстарда қолдануға болатын техникалар мен көркемдік құралдар жөнінде мағлұмат алды.
Сонымен бірге оқушылар музейдің ұлттық зергерлік өнерге арналған жаңа залын аралап, қазақтың дәстүрлі әшекей бұйымдарының тарихы мен орындалу ерекшеліктері туралы ақпаратпен танысты.