Жаңалықтар
Домбырадан дәріс және «Тәттілер мектебі» жобасы
01 желтоқсан 2025 16:17
«Қоғамға қызмет» әлеуметтік жобасы аясында Атыраудағы NIS-тің «Оқжетпес» шаңырағы «№29 Нұрсая» бөбекжай-бақшасының даярлық топтарының балаларына кезекті дәрістерін өткізді.
Оқушылар қосымша білім беру педагогы Әнуар Зинеденмен бірлесіп тәрбиеленушілерді домбыраның құрылысымен таныстырып, «Адай», «Балбырауын», «Еркесылқым» т.б. күйлерді орындады. Әрбір күйді бүлдіршіндер ерекше ыждағаттылықпен тыңдады.

Сондай-ақ Атыраудағы NIS жанындағы жатақханада дәстүрлі жоба өтті. Шараға оқушылармен қатар ата-аналар да белсенді түрде қатысты.
Аталған жоба жылдар бойы тұрақты қатысушыларын тауып үлгерді. Мәселен, 10 «С» сынып оқушысы Амина Өтемұрат мен оның анасы Баян Билялова жобаға төрт жылдан бері үзбей қатысып, өз үлестерін қосып келеді.
Шара барысында қатысушылар бір-бірімен тәжірибе алмасып, тәтті тағамдар дайындаудың түрлі әдістерін меңгерді. Бұл оқушы мен ата-ана арасындағы байланысты нығайтып, отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған маңызды кеш болғаны сөзсіз.