Жаңалықтар
Ашық есік күні өтті
02 желтоқсан 2025 12:52
Атыраудағы NIS-те дәстүрлі ашық есік күні ұйымдастырылып, шараға қала мектептерінен 200-ге жуық оқушы қатысты. Олар оқу ордасының қызметімен жақынырақ танысып, мектептің күнделікті білім беру үдерісімен танысу мүмкіндігін алды.
Келушілерге арнайы экскурсия ұйымдастырылып, олар мектеп ішін толық аралап шықты. Оқушылар химия, физика және биология пәндерінен ұйымдастырылған тәжірибелер мен зертханалық жұмыстардың қалай өтетінін бақылады. Сонымен қатар, өнер, музыка, актерлік шеберлік, домбыра және спорт бағыттарымен танысып, секция жұмыстарын тамашалады.

Шараға келген оқушылар мектептегі оқу-тәрбие жүйесіне ерекше қызығушылық танытып, ұстаздармен еркін форматта сұхбаттасып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Ашық есік күні мектептің мүмкіндіктерін кеңінен таныстыруға және жасөспірімдердің болашақ мамандық таңдауына бағыт-бағдар беруге ықпал ететіні сөзсіз.