logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Атыраудағы NIS пен MDSG арасында ынтымақтастық туралы меморандум бекітілді

02 желтоқсан 2025 12:32

Атыраудағы NIS пен мен Mugalim Development Scholarship Group (MDSG) білім беру саласындағы серіктестікті кеңейту мақсатында өзара ынтымақтастық меморандумын ресми түрде бекітті. Құжатқа Атыраудағы NIS директоры Ерали Бижанов және MDSG директоры Әбілхан Асқар қолдарын қойып, екі ұйым арасындағы бірлескен жұмыстың жаңа кезеңін бастады.

Меморандумның негізгі мақсаты – білім беру үдерісін жетілдіру, педагогтердің кәсіби даярлығын арттыру және ғылыми-әдістемелік ынтымақтастықты дамыту. Тараптар педагогикалық білім мазмұнын жаңарту, студенттердің тәжірибесін қолдау, ғылыми зерттеулер бойынша ақпарат алмасу, сондай-ақ конференциялар, семинарлар, бірлескен жобалар ұйымдастыру бағытында әріптестікті күшейтуді көздейді.

Бұл келісім екі ұйымның білім беру сапасын арттыруға, педагогтер қауымдастығын қолдауға және өңірдегі білім беру жүйесінің дамуына үлес қосуға жол ашады.