logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Кезекті ашық есік күні өтті

08 желтоқсан 2025 16:17

Атыраудағы NIS-те ұйымдастырылған ашық есік күніне қала мектептерінен 200-ге тарта оқушы қатысып, мектептің оқу ортасымен және білім беру ерекшеліктерімен танысты.

Шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің ғылыми пәндерге деген қызығушылығын арттырып, зияткерлік ортамен таныстыру болды.

Іс-шара барысында оқушылар химия және физика пәндері бойынша өткізілген түрлі практикалық тәжірибелерге қатысып, ғылыми құбылыстардың қалай жүзеге асатынын өз көздерімен көрді. Ерекше тәжірибелер балалардың айрықша қызығушылығын тудырды.

Сонымен қатар, қосымша білім беру мамандары өз үйірмелерін таныстырып, робототехника, өнер, спорттық бағыттар бойынша мазмұнды мағлұматтар ұсынды. Оқушыларға мектеп ішін аралатып, әр кабинет пен зертхананың мүмкіндіктерімен таныстыратын танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында NIS-тің заманауи инфрақұрылымы, зертханалық жабдықтары және білім беру әдістері туралы кеңінен ақпарат берілді.

Ашық есік күніне келген оқушылар мен ата-аналар мектептің оқу бағдарламасы, қабылдау процедуралары және оқушыларға жасалған жағдайлар туралы сұрақтарына жауап алды.

Атыраудағы NIS ұйымдастырған бұл шара жас буынның ғылымға деген ынтасын оятып, сапалы білім берудің жаңа мүмкіндіктерімен таныстыруға жол ашты.