Жаңалықтар
Республикалық кезеңге жолдама алды
10 желтоқсан 2025 15:16
Атыраудағы NIS оқушылары FIRST халықаралық робототехника турнирінің аймақтық кезеңінде жоғары нәтиже көрсетіп, Kazakhstan Central Asia FIRST Championship республикалық кезеңіне жолдама алды.
FIRST – әлемдегі ең беделді робототехника жарыстарының бірі.
Аймақтық кезеңде ерекше дайындық пен инженерлік шеберлік танытқан «IGNIS» командасы республикалық чемпионатқа өту құрметіне ие болды. Бұл кезеңге Қазақстанмен қатар оннан аса мемлекеттен командалар қатысады.
Жетекшілері – Нұрлан Магзомұлы.

FIRST жарыстары STEM білімін дамытуға, инженерлік ойлау мен инновациялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған халықаралық платформа. Оқушылардың республикалық деңгейге өтуі – олардың еңбегі мен табандылығының нәтижесі. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!