logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Кезекті ашық есік күні сәтті өтті

12 желтоқсан 2025 17:30

Атыраудағы NIS-те бүгін ерекше форматта танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Шара қаладағы түрлі білім ұйымдарынан келген 250-ге жуық оқушыны қамтып, әткеншек әдісі арқылы бірнеше станцияны кезекпен аралау жүйесімен өткізілді. Бұл тәсіл әр топқа барлық пәндік бағыттарды бірдей көлемде көруге мүмкіндік берді.

Физика бөлімінде қонақтарға диффузия құбылысы, үйкеліс күшінің әсері, «билейтін шарлар» тәжірибесі, 3D голограмма, сондай-ақ, күн жүйесінің макеті көрсетілді. Биология секторында өңір флорасының ерекше өсімдіктері түсіндіріліп, олардың табиғаттағы рөлі туралы қызықты мәлімет берілді.

Робототехника алаңында қатысушыларға заманауи құрылғылардың жұмыс принциптері ұсынылса, домбыра үйірмесінде ұлттық аспаптың құрылымы мен орындаушылық ерекшеліктері таныстырылды. Мектеп телестудиясында балалар телевизиялық түсірілім үдерісімен, студия жабдықтарымен және медиа саласындағы негізгі терминдермен танысты.

Экскурсия мазмұны мен форматы оқушыларға ерекше әсер қалдырып, көптеген оқушының NIS-те білім алуға деген құштарлығын арттырды.

Фотогалерея

image-