Жаңалықтар
«Action Research – мұғалім дамуының құралы. ECER конференциясына өтініш беру жолдары»
15 желтоқсан 2025 12:36
Атыраудағы NIS-те осындай атаумен Атырау облысының ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған шеберлік дәрісі жоғары деңгейде өтті.
Шара барысында қатысушылар Action Research-тің мәні мен маңызын, оны оқу үдерісін жетілдіру үшін қалай тиімді қолдануға болатынын тереңірек түсінді.

Мұғалімдер өз тәжірибесіне негізделген зерттеу жоспарын құрып, ECER халықаралық конференциясына арналған абстракт жазудың құрылымы мен талаптарын меңгерді.