logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Өндірістік жоспарлау және күрделі жөндеу саласының тәжірибелі мамандарымен кездесті

17 желтоқсан 2025 12:51

Атыраудағы NIS-те «Даналық бейсенбі» жобасы аясында Алатау шаңырағының 11 «B» сынып оқушыларына мамандық таңдау бойынша кәсіби тұлғалармен кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар беру, өндіріс саласындағы нақты тәжірибемен таныстыру және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға қолдау көрсету.

Кездесуге өндірістік жоспарлау және күрделі жөндеу саласының тәжірибелі мамандары қатысты:

Еркебулан Утегенов – күрделі жөндеу және жоспарлау тобының 1-санатты инженері. Ол күрделі жөндеу жұмыстарының жоспарлануы, процестерді тиімді басқару және өндірістік қауіпсіздік маңызы туралы баяндап, оқушыларға нақты мысалдар келтірді.

Mitch Corn – белгілі мекеменің жоспарлау тобының аға кеңесшісі. Кездесу барысында ол халықаралық тәжірибесімен бөлісіп, өндірістегі жобалық басқарудың маңызын түсіндірді.

Индира Тажгарина күрделі жөндеу жобаларының экономикалық тиімділігі, шығындарды бақылау және мамандықтың болашақтағы маңыздылығы туралы толық ақпарат берді.

Шара барысында оқушылар мамандарға сауалдарын қойып, мұнай-газ секторындағы жоспарлау, жөндеу және шығындарды басқару салалары бойынша құнды ақпарат алды. Ата-аналар тарапынан да бұл кездесу жоғары бағаланып, мамандық таңдауда маңызды қолдау көрсеткені атап өтілді.