Жаңалықтар
«Speed typing» сайысы ұйымдастырылды
17 желтоқсан 2025 13:14
Атырау қаласындағы NIS-те «Информатика және программалау» апталығы аясында «Speed typing» сайысы өтті.
Бұл – қатысушылардың белгіленген уақыт ішінде мәтінді ең дәл және ең жылдам теру қабілеттері үшін жарысатын бәсеке. Жарысқа 7-12 сынып оқушылары қатынасып, нәтижесінде 1-орынды 12-сынып оқушысы Амир Бериков, 2-орынды 12-сынып оқушысы Байарыс Рахметов және 3-орынды 8-сынып оқушысы Абзал Амантай иеленді.