logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Ұшқыш болудың алғышарттары айтылды

18 желтоқсан 2025 14:15

Атыраудағы NIS-ке «Air Astana» әуекомпаниясының пилоты мен рекрутері келіп, оқушыларға ұшқыштарды даярлаудың AB INITIO бастапқы оқыту бағдарламасы туралы толық ақпарат берді.

7-12 сынып оқушылары авиация саласына ерекше қызығушылық танытып, ұшқыш болудың талаптары, оқыту кезеңдері және халықаралық стандарттар бойынша даярлық туралы көптеген сұрақтар қойды. Кездесу әсерлі әрі пайдалы өтті. Оқушылар маман иелерінен тікелей жауап алу мүмкіндігіне ие болды.