logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«READx»: рухани дамуға бастар әдеби алаң

19 желтоқсан 2025 08:59

Атыраудағы NIS жанындағы жатақханада оқушылардың әдеби кітап оқуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісін дамыту және рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау мақсатында «READx» жобасы өткізілді. Шараға ата-аналар, мұғалімдер, оқушылар мен кітапханашылар қатысып, өздері оқыған көркем және танымдық әдебиеттер бойынша ой-пікірлерімен бөлісті.

Жоба барысында Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн», Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша», Ақан Нұрмановтың «Құланның ажалы», Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан», Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы», Асқар Алтайдың «Кентавр», Қуаныш Шонбайдың «Екінші болма» аудиокітабы, Александр Дюманың «Граф Монте-Кристо», Дэниел Киздің «Алжернонға арналған гүлдер», Жансерік Қадырбаевтың «Менің роднойларым», Кайрат Жолдыбайұлының «Кемел адам» шығармалары таныстырылып, олардың мазмұны мен негізгі идеялары талқыланды.

Іс-шара барысында оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында «Ойлан, тап!» атты танымдық ойын ұйымдастырылып, қатысушылар шығармалар мен авторлық идеялар бойынша білімдерін сынады.

Тыңдармандар ұсынылған кітаптарға «Оқимын» және «Ойланамын» стикерлері арқылы дауыс берді.

Жоба соңында қатысушыларға кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға, өзара ой бөлісуге және әдеби талғамды дамытуға үндеу жасалды.

«READx» жобасы жас ерекшелігіне қарамастан оқырмандарды біріктіріп, сапалы әдеби шығармаларды насихаттауға бағытталған тиімді алаң болғаны сөзсіз.