logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Еңбегіңізге мың алғыс!

19 желтоқсан 2025 18:19

2024 жылғы қыркүйекте Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялады.

Мектеп қауымдастығының әр мүшесіне қолайлы ортаны қалыптастыруда еңбек адамның орны зор. Жылу мен жарық, асхана мен тазалық қызметісіз білім беру ұйымындағы күнделікті тірлікті елестетудің өзі қиын.

Атаулы жылға орай Атыраудағы зияткерлік мектептің "Оқжетпес" шаңырағы мектептің техникалық қызметкерлерін, атап айтқанда әр салаға қатысы бар жұмысшыларды ұлықтады. Олар асхана меңгерушілері Тамара Кәрімқызы мен Гүлбақыт Қуанышқызы, жылыту қазандығының операторы Тұрлан Жүсіпұлы, ағаш және жөндеу шебері Қалыбай Сәденұлы, бөлмелердің тазалық қызметкері Ғалия Құлмұханова мен сантехник маманы Ғасырбек Хамидоллаұлы бар.

Оқушылармен кездесуде олар өз қызметінің қиыны мен қызығы туралы айтып берді. "Оқжетпес" шаңырағының жас тілшілері дайындаған бейнематериалда балалар әр маманның күнделікті жұмысын боямасыз тамашалап, олардың еңбегіне алғыс білдірді.

Кейін топқа бөлінген командалар әр салаға қатысты қызметкердің жұмысына қатысты постерлер дайындап, еңбек адамдарын ұлықтады.