Жаңалықтар
Әр күнге – бір дана сөз
22 желтоқсан 2025 21:41
Атыраудағы NIS-те 7-сынып оқушылары арасында мақал-мәтелдерге арналған қызықты сайыс өтті. Оқушылар 6 түрлі бөлімде өз білімін, сөздік қорын, тапқырлығын және шығармашылығын көрсетті.
Олар сурет арқылы мақал-мәтелді тауып, пазл арқылы мақалдың жалғасын құрастырып, мақалдарды орыс және ағылшын тіліне аударып, 1 минутта мүмкіндігінше көп мақал жазып, мақалдың мағынасын суретпен жеткізіп, бірнеше тур талаптарына сай лайықты тартыс көрсете білдів Нәтижесінде, үздік топтар марапатталды.

Бұл сайыс оқушылардың ойлау мәдениетін, тілге деген құрметін және шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталды.