Жаңалықтар
Атыраудағы NIS ұстазы бүлдіршіндерді әртістік шеберлікке бейімдеді
23 желтоқсан 2025 14:15
Атыраудағы NIS-тің «Оқжетпес» шаңырағы «№29 Нұрсая» бөбекжай-бақшасының даярлық топтарының балаларына осы жылдың соңғы сабағын өткізді. Бұл жолғы тақырып әртістік шеберлікке арналды.
Сабақтың мақсаты – кішкентай бүлдіршіндердің қиялын дамыту, өзіне сенімділік, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.
Оқушылар қосымша білім беру педагогымен бірлесіп тәрбиеленушілерге нақты қимыл қозғалыс жаттығулары, импровизация, мимика және ым-ишара арқылы кейіпкерлер бейнесіне ену тапсырмаларын орындатты.