Жаңалықтар
Кәсіби бағдар беру кездесулері
23 желтоқсан 2025 16:12
NIS-ке The Chinese University of Hong Kong, Shenzhen (CUHK Shenzhen) университетінің өкілдерімен мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқушылар Қытайдағы халықаралық деңгейдегі университетте оқу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат алды.
Университет өкілдері:
– гранттар мен қаржылай қолдау бағдарламалары;
– Медицина мектептері;
– Data Science және IT бағыттары;
– академиялық бағдарламалардың ерекшеліктері мен кампустағы студенттік өмір туралы айтып өтті.
Оқушылар белсенділік танытып, оқу үдерісі, қабылдау талаптары және болашақ мамандықтарға қатысты өз сауалдарын жолдады. Кездесу кәсіби бағдар беруде өте пайдалы әрі мотивациялық бағытта болды.
Осындай халықаралық университеттермен кездесулер оқушыларға өз болашағын саналы түрде жоспарлауға үлкен мүмкіндік береді.