logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Дәстүрлі «Samgau» форумы түлектердің басын қосты

25 желтоқсан 2025 15:16

Атыраудағы NIS-те дәстүрлі «Samgau» форумы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды әрі жылы атмосферада өтті.

Форум барысында 4 түлек спикер өздерінің білім жолы, шетелде оқу тәжірибесі және маңызды өмірлік таңдаулары туралы бөлісті.

Жылы жүздесуге еліміздің түкпір-түкпірі мен шетелден жалпы саны шамамен 40-қа жуық түлек арнайы ат басын бұрып, оқушылармен еркін форматта пікір алмасты.

Бағдарлама аясында түрлі активитилер, «Samgau Quiz», музыкалық номерлер және лотерея ұйымдастырылып, қатысушыларға жағымды эмоциялар сыйлады.

«Samgau» — бұл шабыт, байланыс және бірлік. Жыл сайын әр түлек асыға күтетін белсенді басқосу әрі қарай да жалғасын таба бермек.

Барлық қатысушылар мен түлектерге мектеп ұжымы атынан әсерлі эмоциялар мен жанға жайлы жүздесу үшін алғыс білдіреміз!