Жаңалықтар
«NIS Share» жобасы – ауылдық мектептерде
29 желтоқсан 2025 16:35
Атыраудағы NIS-тің әдістемелік тобы Мақат ауданы, Доссор селосындағы Ораз Сарқұнанов орта мектебінің ұстаздарына NIS Share жобасы бойынша тәжірибе таратты. Сабақ беру тәсілдерін оңтайландыру, іс-әрекетті зерттеу мен жоспарлау, оқушылар білімін бағалаудың халықаралық озық үлгілері ауыл педагогтеріне таныстырылды.
Семинарда «Action research» және «Lesson study» қағидаларына сүйене отырып оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту технологиялары, педагогикалық рефлексия жасауға басымдықтар берілді. Зияткерлік мектеп командасы НЗМ тәжірибесін енгізу бойынша ауылдық мұғалімдердің кері байланысын тыңдап, білім беру қызметін арттырудың жолдарын ұсынды.
Кейін «NIS Share» жобасы аясында атыраулық ұстаздар О.Сарқұнанов орта мектебінің өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерімен кездесіп, оқушылар қауымдастығының үнін тыңдады. Балалар білім берудегі озық практикалардың нәтижесін баяндап, сабаққа қызығушылығының арту жолдарына қатысты ой білдірді.