Жаңалықтар
Зерттеушілік әлеуетті арттыруға бағытталған шеберлік сабағы өтті
08 қаңтар 2026 14:15
Атыраудағы NIS-те педагогтердің кәсіби дамуын қолдауға бағытталған «Іс-әрекеттегі зерттеуді қалай жүргізуге болады?» тақырыбындағы әдістемелік шеберлік сабағы ұйымдастырылды.
Шеберлік сабағын қазақ тілі пәнінің мұғалімдері – Ақмарал Каменова, Нұргүл Оңғарқызы және Айза Бүркітбайқызы жүргізді. Спикерлер іс-әрекеттегі зерттеуді мұғалімнің күнделікті тәжірибесін терең талдауға мүмкіндік беретін тиімді құрал ретінде қарастырып, оны оқу үдерісіне енгізудің нақты жолдарымен бөлісті.

Іс-шара барысында педагогтер зерттеу сұрағын сауатты құрастыру, іс-әрекеттегі зерттеуді жоспарлау, жүзеге асыру, алынған нәтижелерді бағалау және рефлексия жасау кезеңдерін біртұтас жүйе ретінде талқылады. Тәжірибеге негізделген талдау мұғалімдердің кәсіби ойлауын дамытуға және оқыту сапасын арттыруға бағытталды.
Шеберлік сабағы мұғалімдер үшін кәсіби тәжірибе алмасуға, зерттеушілік көзқарасты қалыптастыруға және білім беру үдерісіне жаңаша серпін беретін мазмұнды алаңға айналды.