logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Толық адам» концепциясы – TEDx форматында

16 ақпан 2026 14:15

Атыраудағы NIS-тің 7-9 сынып оқушылары арасында ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлы шығармаларындағы «Толық адам» концепциясына арналған TEDx форматындағы зияткерлік сайыс ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – Абайдың «Толық адам» ілімінің мәнін ашу, ақыл, жүрек, қайрат үйлесімін түсіндіру және жас ұрпақты рухани кемелденуге, адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге бағыттау.

Сайыс барысында оқушылар TEDx стилінде еркін форматта ой бөлісіп, Абай шығармаларынан мысалдар келтіре отырып, өз көзқарастарын дәлелдеді.

Қатысушылар «Толық адам» ұғымын қазіргі қоғаммен байланыстырып, тұлғалық даму, білім, еңбек, мейірімділік секілді қасиеттердің маңызын ерекше атап өтті.